Алматы облысында ірі жол апаты болды. Оқушылар мінген автобус Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға "Сокол" саяжай алабы аумағында болған. Қаза тапқандар бар.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қарағанда, автобус пен автокөлік соқтығысқаннан кейін жол жиегіне шығып кеткен. Балалар автобустан шыққан, олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ.
Алматы облысы ПД мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі бұрылған кезде автобусты жібермей, соқтығысқа себеп болған.
"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ", – деді Алматы облысы ПД.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу трагедияның барлық мән-жайын анықтап жатыр, ал тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!