Алматы облысында өзен суы тасып, 150-ден аса үйді су басты

viewings icon 470 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы аңғарынан асып, саяжай үйлерін су басты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы аңғарынан асып, саяжай үйлерін су басты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген. Қарасай ауданын, Райымбек ауылын, "Ақсай-19", "Торпеда", "Труд" саяжай қоныстарын су басқан. 

Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр. 

"Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", - деді Жұртбаев. 

Сонымен қатар, редакцияға келіп түскен мәліметтер бойынша, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағында бірнеше үйді су басқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro