Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты Иллюстрациялық фото: ©РИА Новости

Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде әскери қызметкер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде әскери қызметкер қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 қыркүйекте болған.

"Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын ол 50 шақты рет парашютпен секірген. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.
Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды", - дейді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети