Алматы облысында ірі жол апаты болды: 18 көлік соқтығысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында 18 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 18 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолында болған.

"2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 07:30 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының (Алматы - Қонаевбағыты) 28-шақырымында 18 көлік жол апатына ұшырады", - деп жазылған хабарламада.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, жол апаты қалың тұманның салдарынан болған.

"Алдын ала ақпарат бойынша жол апатының себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін және қашықты сақтамауы болды. Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатына жатады, 6 жолағы бар. Жол құрғақ, ақаулары мен бөгде заттары болмаған. Апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети