Алматы облысында сел жүрді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сел жүрді Иллюстрациялық сурет: ©Tengrinews.kz

9 маусымда қатты жауын-шашыннан Жетісу Алатауы жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде су тасып, сел жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


9 маусымда қатты жауын-шашыннан Жетісу Алатауы жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде су тасып, сел жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салдарынан Сарыөзек - Көктал автожолының 171-шақырымында Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылының маңында автожол көпірінің көлік жүретін бөлігіне ені шамамен 700-800 метр су ақты.

"Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінгі таңда сайда су жоқ, автожолда көліктер штаттық режимде жүріп жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Еске салайық, Алматы облысының ТЖД өкілдері 9 маусымда Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болатынын, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети