Алматы облысындағы тауларда аптапқа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматы облысындағы тауларда аптапқа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Таяудағы үш тәулікте 29-31 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар", - делінген хабарламада.
Осыған дейін синоптиктер алдағы демалыс күндеріне болжамын жария еткен еді. Айтуларынша, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында демалыс күндері жауын-шашынсыз өте қатты ыстық ауа райы күтіледі. Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері + 35...40°, кей жерлерде +43°С дейін көтеріледі.