Алматы облысында сел қаупі төніп тұр

28 Шілде 2017, 16:12
0
Алматы облысында сел қаупі төніп тұр -

Алматы облысындағы тауларда аптапқа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Таяудағы үш тәулікте 29-31 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін синоптиктер алдағы демалыс күндеріне болжамын жария еткен еді. Айтуларынша, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында демалыс күндері жауын-шашынсыз өте қатты ыстық ауа райы күтіледі. Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері + 35...40°, кей жерлерде +43°С дейін көтеріледі. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай