19 қараша 2021 14:09

Алматы облысында шетелдік 6-сынып оқушысына шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр

Алматы облысында Өзбекстан азаматы алтыншы сынып оқушысына шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында Өзбекстан азаматы алтыншы сынып оқушысына шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың мәліметінше, оқиға 16 қараша күні сағат 13.00 шамасында Қаскелеңдегі автобус аялдамасының маңында болған.

"Өзбекстан азаматы аялдама маңында 6-сынып оқушысына шабуыл жасаған. Қыз бірінші шабуыл жасаған кезде қашып үлгерген, бірақ ол қуып жетіп, оны аялдамадағы орындыққа итеріп жіберген. Оны байқаған жақын маңдағылар көмектесіп, құтқарып қалған. Қазір ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр, бірақ зардап шеккен қыздың туыстары бұл жазамен келіспейді", - деді "НеМолчиKZ" қоры оқиғаның видеосын жариялап.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Өзбекстан Республикасының 39 жастағы азаматы ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігін бұзғаны үшін ұсталған, әкімшілік сот оны қамауға алды, қазір полицияның қабылдау-бөлу бөлімінде жатыр.

"Сауалнама барысында кәмелетке толмаған бала мектепке барар жолда оның артынан ер адам келе жатқанын, ұстап алып, ақша талап еткенін, бірақ ол сытылып шығып, ары қарай жүре бергенін түсіндірді. Аялдама кешені маңында сол ер адам қайтадан киімінен ұстап алып, күшпен орындыққа отырғызған. Осы кезде куәгерлер оған көмекке келіп, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек ҚР ҚК 24 және 191-баптары бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалады, істі дұрыс шешу үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.84   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети