Алматы облысында су құбырын жүргізу кезінде адамның қаңқасы табылды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматы облысында су құбырын жүргізу кезінде адамның қаңқасы табылды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Қаңқаны өз үйінде сутартқыш қазып жатқан жергілікті тұрғын тауып алған. Сүйектер 1,5-2 метр тереңдікте табылды. Оқиға болған жерге полиция шақыртылды. Жедел топ қалдықтарды сараптамаға алып кетті. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, адам қаңқасы табылған жерден 500-700 метр қашықтықта зират бар.
"Бұл көшеде ешқашан зират болмаған, ол оң жақтағы 500 метр жерде орналасқан. Бұл жерден адам сүйегі табылғанына біз қатты таңғалдық. Мұнда адамды өлтіріп, көміп тастаған болуы мүмкін", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, мұндай жағдай қыркүйек айында Орал қаласында да болды. Адам қаңқасы коммуналдық қызмет жұмысшыларының құбырды тазалауы кезінде табылды. Құқық қорғау органы қызметкерлері қаңқаның тасыған өзен суымен бірге құбырға түскен болуы мүмкін екенін айтты. Табылған адам қаңқасында көк киім болған, көк кофта немесе джинсы. Табылған қалдықтар қалалық мәйітханаға сараптамаға жөнелтілді.