Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы облысы Талғар ауданында құрғақ шөп өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданында құрғақ шөп өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде сағат 11:09-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданында, Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 гектар құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Елді мекенге қауіп жоқ. Ауылға дейінгі қашықтық 1 километр, тау мен ауыл арасында өзен ағып жатыр. Сағат 14:30-да өрт толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 7 гектар болды", - делінген хабарламада.

Өртті жоюға ТЖД 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адам және жергілікті атқарушы органдардың 1 техникасы, 12 адам және 2 орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети