22 қыркүйек 2017 16:07

Алматы облысында теріс діни ағым ұстанушысы 32 жастағы әйелді зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында теріс діни ағым ұстанушысы қыз зорлап, сотталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында теріс діни ағым ұстанушысы қыз зорлап, сотталып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл дерек Панфилов ауданында тіркелген. 27 жастағы ер адам жергілікті тұрғынды зорлады деген күдікпен ұсталған. 

"Қылмыстық істі терргеу барысында ұсталған зорлықшының теріс діни ағымдардың бірінің ұстанушысы екені анықталды, бірақ ол қандай да бір діни канондар мен ұстанымдарға қарамастан, бұған дейін де зорлау ісінде күдікті болған. 2010 жылы ол зорлау, қарақшылық және тонау істері бойынша күдікке ілінген. Алайда қорытындысында ұсталған адамның тонауға қатысы бар екендігін анықтау мүмкін болды, аудандық сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырған", - делінген хабарламада. 

Алайда бостандыққа шыққан ол биыл 32 жастағы келіншекті зорлады деген күдікпен ұсталған. Оның кінәсі дәлелденіп, 2,6 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда зорлау ісінде неліктен мұндай жазаның кесілгені жайлы істің мән-жайы айтылмай отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети