Алматы облысында Талдықорғанға жақын маңда екі орынды, автожир классындағы тікұшақ құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ТЖД басшысы Сәбит Битаев айтып берді.
Алматы облысында Талдықорғанға жақын маңда екі орынды, автожир классындағы тікұшақ құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ТЖД басшысы Сәбит Битаев айтып берді.
Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ұшқыш қаза тапты. Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Тікұшақ жол құрылысы жүріп жатқан Көксу ауданында апатқа ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, автожир жоғары вольтты электр өткізгіш желісін іліп өткен. Толық ақпаратты ТЖД әзірше таратқан жоқ.
Мұның алдындағы тікұшақ апаты 2012 жылы қарашада Алматы облысында болған еді, ол кезде Ми-8 Алакөл өзенінің маңына құлады. Тікұшақ бортында сегіз адам болды, барлығы қаза тапты.