08 тамыз 2016 | 15:33

Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан жолды шайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ханзат Кеңес © Ханзат Кеңес

Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Сарыөзек ауылы мен Жаркент қаласының арасын жалғайтын жолдың құбыр өтетін бөлігін шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автокөлік иелері лай жолмен айналып өтуге мәжбүр.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Сарыөзек ауылы мен Жаркент қаласының арасын жалғайтын жолдың құбыр өтетін бөлігін шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Автокөлік иелері лай жолмен айналып өтуге мәжбүр.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Азамат Жұртбаевтың айтуынша, қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Жауынның көп мөлшерде түсуінен көпір шайылып кеткен болуы мүмкін. Қазір оқиға орнында 15 адам жұмыс істеп жатыр, төрт арнайы техника жұмылдырылған", - деді Жұртбаев.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік иелері осы батпақты жолмен айналып өтпек болып, тығылып жатқан көрінеді.

Еске салайық, 18 мамырда Алматы облысы Қараой ауылында тіректі су шайып, көпір құлаған. Ол көпір ауыл мен әскери бөлімді қатынайтын жалғыз жол болған. 21 маусымда осы өңірде дамба жарылған. Сол себепті Көктал-Арасан ауылында шаруашылық құрыыстардың бұзылу қауіпі болған. 12 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети