15 қаңтар 2018 | 11:41

Алматы облысында үш жасар қызын сабап тастаған өгей әкесі қашып кетпек болған: Оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының Ішкі істер департаментіндегілер үш жасар қызын сабап тастаған ер адамға қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Ішкі істер департаментіндегілер үш жасар қызын сабап тастаған ер адамға қатысты жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Полицейлердің мәліметінше, ер адам жасырынбақ болған, бірақ ол тасжол бойында ұсталды.

Сондай-ақ, ІІД мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабынан ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") ауыстырылды.

"Ол кетіп қалмақшы болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты істің басқа ауыр бапқа ауыстырылуына байланысты оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылданды. Күдікті 14 қаңтарда таңғы уақытта ұсталды. Қазіргі уақытта ол Талғар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Осыған дейін Алматы облысында өгей әкесінің үш жасар қызын оңдырмай сабап тастағаны хабарланған болатын. Денесі көгеріп, мұрны таңылған сәбидің суретін Facebook желісіне Гульмира Абыкай есімді қолданушы жариялаған еді. "Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін", - деп жазған еді қолданушы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети