Алматы облысындағы ауылда күшті жарылыстан үйлер қирап, бүлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы ауылда күшті жарылыстан үйлер қирап, бүлінді Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы Жалпақсай ауылында газ жарылуы салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы төрт үй зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Жалпақсай ауылында газ жарылуы салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы төрт үй зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Газ жарылған үйдің иесі қаза болды, деп хабарлады облыстық полиция.

"Оқиға салдарынан үй иесі қаза болды. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайы анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.

Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, жарылыс кезінде үйде жұмысшылар болған, олар тоңазытқыш алып келген. Ер адамдар бірнеше метр жерге ұшып кеткен, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Көрші үйлердің бірі де қатты зақымданса, тағы үшеуінің терезелері сынған.

Жарылыс толқынынан қираған үй былтыр газдандырылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам газ жарылып кете ме деген қаупін жиі айтып жүрген. Дегенмен, ғимаратта жұмыс істеген барлық техника мамандардың бақылауынан өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети