14 қыркүйек 2021 | 11:31

Алматы облысындағы жаппай төбелес: оқиғаның мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқандар анықталды. Төбелес видеосы 13 қыркүйекте әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқандар анықталды. Төбелес видеосы 13 қыркүйекте әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылындағы "Сокол" саяжай қоғамының 34 жастағы тұрғыны үйінде еске алу кешін өткізген. Оған адамдар жиналған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Үй иесі мен оның мас күйдегі туысы арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Төбелеске басқа да туыстар араласып, оларды ажыратып алған.

Жанжалға қатысқандардың ешқайсысы полицияға хабарласпаған. Бірақ Іле аудандық ПБ қызметкерлері тексеру жүргізген. Нәтижесінде карантин режимін бұзғаны үшін үй иесіне қатысты материал жинақталып, ол Іле аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жолданған. Жанжал шығарған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген "Ұрып -соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалған. Істің мән-жайы сотта қаралады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданындағы Шамалған дачасы аймағында жаппай төбелес түсірілген видео тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети