Алматы облысындағы медбикенің өлімі: күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы медбикенің өлімі: күдікті ұсталды ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданында медбикенің өліміне себеп болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскен, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Қошмамбет ауылының тұрғынын анықтап, оны бір сағаттың ішінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети