05 тамыз 2015 19:31

Алматы облысындағы "Табаған" маңында 20 гектар жер өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nk-tv.net © Nk-tv.net

Алматы облысындағы "Табаған" шипажайы маңында құрғақшылықтан 20 гектар жер өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысындағы "Табаған" шипажайы маңында құрғақшылықтан 20 гектар жер өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Табаған" маңындағы өрт туралы хабарлама сағат 14.50-де келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде "Монтажник" бақшасының маңында қураған ағаштардың өртеніп жатқаны анықталды. Қазір тілсіз жауды сөндіру үшін Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 30 адам мен алты өрт сөндіру техникасы, қалалық ТЖД-дан төрт техника мен 18 адам, Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтан екі техника мен 10 адам жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, өртті ауыздықтауға Талғар ауданынан 65 ерікті тартылды. Өртеніп жатқан аумақ тікұшақпен бақыланып жатыр", - деді облыстық ТЖД өкілі. Департаменттің мәліметінше, өрттің орман мен саяжайларға таралу қаупі жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Көктөбенің бөктері өртенген болатын. ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахметтің айтуынша, 4 гектар аумақтағы құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 45 адамы және 10 дана техника жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети