Алматы облысындағы тауларда 17 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысындағы тауларда 17 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 шілдеде 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметінің телефонына Алматы облысында Ескелді ауданының территориясындағы Жоңғар Алатауында Қора өзенінің шатқалында Бессонов мұздығында Қарағанды облыстық туристік клубтың қатысушысы құлап кетті деген хабар түскен.
24 шілдеде таңғы 9.00-де іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-171 тікұшағы бортында 11 адамымен ұшты. Олардың ішінде үш пилот, 1 бортмеханик, Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері, Медицина және апаттар орталығының (Талдықорған қаласы) 1 қызметкері, Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінің бір қызметкері, сонымен қатар, Алматы облысы Туризм федерациясының президенті болды.
Қазіргі уақытта туристің денесі табылып, құтқарушылар оны тікұшақпен Талдықорғанға апара жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.