Алматы облысындағы улану оқиғасы: алдын ала себебі аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы улану оқиғасы: алдын ала себебі аталды

Полицейлер Алматы облысындағы улану оқиғасының алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы облысындағы улану оқиғасының алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 мамырда сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ге Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде, 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қаза болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылғаны айтылды.

"Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети