Алматы облысындағы Кеген және Ұзын-Бұлақ ауылдарының тұрғындары 4,8 баллдық жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, жер сілкінісі 4 маусымда 08:17:56-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 184 шақырым жер орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2; магнитудасы - 4.8, ал тереңдігі 20 шақырым.