Сейсенбіде кешке Алматы полицейлері Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің маңын қоршап алды. Куәгерлердің айтуынша, ол жерде криминалистер, өрт сөндірушілер, дәрігерлер және әскерилер болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейін Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.
"5 қаңтарда сағат 16.45-те Алматы ПД шұғыл басқару орталығына Достық даңғылындағы аялдамада гранатаға (жарылғыш зат) ұқсас зат табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайға шұғыл қызмет шақырылып, қоршауға алынды. Көлік құралдары қауіпсіз жерге қойылды. Оқу-жаттығу гранатасы болып шықты. Қазір оның қайдан шыққаны және кімге тиесілі екені анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!