Алматының орталығында автомобиль өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының орталығында автомобиль өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Наурызбай батыр көшесінің бойында, Шевченко көшесінен жоғары жерде болды. Жүргізушінің айтуынша, өрт сағат 9.30 шамасында, өзі тұраққа қойылған автомобильдің ішінде отырған кезде болған. Жүргізуші өрт сымдардың тұйықталуынан шығуы мүмкін екенін айтты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ол жалынды өзі өшіргісі келген.
ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 9.37-де келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру көлігі жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт автомобильдің қозғалтқышынан шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Еске сала кетеейік, маусымда төрт автомобиль өртенген болатын: Mitsubishi Pajero, Lada Samara, Honda CR-V және Chrysler 300. Оқиға Дүйсенов көшесінде, Түркебаев көшесімен қиылысқан жерде орналасқан үйдің ауласында болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Куәгерлердің айтуынша, үй ауласында Chrysler автомобилі өртене бастағанда бірнеше жігіт жанжалдасқан. Одан кейін от оның маңында тұрған көліктерге көшті.