25 мамыр 2017 | 13:48

Алматы орталығында болған "атыс" туралы видео тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Полиция Алматы орталығында болды делінген атыстың видеосын тексеріп жатыр,- деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция Алматы орталығында болды делінген атыстың видеосын тексеріп жатыр,- деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жастардың түн ішінде төбелес шығарғаны түсірілген видео пайда болған еді. Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында оқиғаның Алматы орталығында болғаны айтылады. Видеодағы кадрлардан бір топ жігіттің сұр түсті Mercedes-Benz маркалы көлікке мініп, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Ал қалған тағы бір топ жігіт айғайлап, кетіп қалғандарды қорқыту мақсатында түрлі сөздер айтады. Сондай-ақ, видеодан жігіттердің бірінің дене жарақатын алғанын байқауға болады.

 

Перестрелка на старой площади между молодежью. #жестькз

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Алматы қалалық ІІД өкілдері қазіргі уақытта видеороликтің қайда және қашан түсірілгені анықталмағанын айтты.

"Видео әлеуметтік желілерде таралған соң осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта Жедел басқарма орталығына, Алмалы аудандық ІІБ-не осы дерек жайлы ешқандай хабарламаның келмегені белгілі. Бірақ видеоның авторлары "атыс Алматыда болды" деп жазбаған. Видеоның сипаттамасында "Старая площадь" деп жазылған. Бірақ біз ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта видеодағы адамдарды анықтап жатырмыз. Бұл дерек расталып, оқиғаның расында Алматыда болғаны дәлелденсе, тергеу видеодағы адамдардың әрқайсысына құқықтық баға береді", - деді қалалық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети