Алматы орталығында дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

t.me/qumash_kz

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнекамераға ағаш құлаған сәт түсіп қалған. Қонақтар үлкен бұтақтар құламас бұрын қашып үлгерген. Автордың айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан адам қонақтар мен мейрамхана қызметкерлеріне ағаштың құлайтынын ескертіп үлгерген.

Алматы әкімдігі 25 мамырда сағат 22:15-те құтқару қызметіне Абай даңғылы бойындағы, 21 мекенжайда "Акунин" дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен.

"Маман қызметкерлі мен Медеу әкімдігі сараптама тағайындады. Қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңғы уақытта төтенше жағдайлар бригадасының мамандары келіп, ағаштарды кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Жұмысты төрт құтқарушы мен бір техника жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети