Алматыдағы Абай мен Абылай хан көшелерінің қиылысында 9 маусым күні күндіз екі жүргізуші жаға жыртысты. Бұл туралы Мотор.kz порталына Сәлімхан есімді қолданушы хабарлады.
Алматыдағы Абай мен Абылай хан көшелерінің қиылысында 9 маусым күні күндіз екі жүргізуші жаға жыртысты. Бұл туралы Мотор.kz порталына Сәлімхан есімді қолданушы хабарлады.
Видеотіркегіштегі жазбаға қарағанда, Mercedes-Benz Viano маркалы фургонның жүргізушісі №120 автобустың жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген. Куәгерлердің айтуынша, төбелес бірнеше минутқа созылған. Олардың не үшін төбелескені әзірше белгісіз.
Алайда төбелеске жолдағы жаңа белгілердің сеп болуы мүмкін, оған сәйкес, ортаңғы жолақтағы көлік құралдарына бұрынғыдай сол жақпен емес, тек тура жүруіне ғана болады. Басылымның мәліметінше, Mercedes-ті тізгіндеген жүргізуші автобустың алдына түскісі келген, алайда автобус жүргізушісі оған жол бермей, салдарынан төбелес шыққанға ұқсайды.