Алматы орталығында жүргізушілер арасындағы жанжал нокаутпен аяқталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында жүргізушілер арасындағы жанжал нокаутпен аяқталды видео кадры

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Жүргізушілердің бірі қарсыласын оңдырмай соғып, есінен тандырып тастайды. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Кадрларда ер адам қалай жерге құлап түскені, кейін екіншісі оған көмекке асыққаны көрінеді.

Редакция пікір алу үшін қалалық полицияға жүгінді. Олар бұл факт бойынша Бостандық аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"1988 жылы туған М.-ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін сот өндірісінің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети