05 желтоқсан 2017 | 13:56

Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отбасы мұрағатынан алынған сурет Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде белгісіз біреулер караоке-бардың иесін ұрып өлтіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қайтыс болған ер адамның әйелі Ләззат Нұрымова айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде белгісіз біреулер караоке-бардың иесін ұрып өлтіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қайтыс болған ер адамның әйелі Ләззат Нұрымова айтып берді.

Оның айтуынша, күйеуі қайтыс болғанға дейін оның күйеуі мен караокеге келген студенттердің арасында дау шыққан. Нұрымованың айтуынша, 2017 жылдың 20 қарашасында бір қыз оны "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде тауып алып, орталарында шыққан дауды бейбіт түрде шешуді сұраған.

"Сол күні сенбіде караокеге студенттер келген болатын, жастары 19-да. Туған күндерін атап өтті. Бірде залда студенттердің бірі өзін нашар сезінді. Содан күйеуім оларға барып, ескерту жасады. Сол кезде олар сөзге келіп қалып, артынша залда төбелес шықты.  Осыдан кейін дүйсенбі күні оның әлеуметтік желідегі парақшасына хат келді. Хатта ол күйеумді сағат күндізгі 4-те "Достық Плаза" сауда орталығына шақырады. Күйеуім 30 жаста, оның төбелесетін ойы да болған жоқ. Ол тек сөйлескісі келді", - дейді Ләззат Нұрымова.

Сондай-ақ, Ләззат Нұрымова болған оқиғаның видеобақылау камерасына түсірілгенін айтты. Қайтыс болған ер адамның отбасы сауда орталығының маңында болған төбелестің видеосын қарап шықты.

"Сағат 16.05-те күйеуіммен кездесуге жігіт пен қыз келіп, әңгімелесіп тұрды. Сағат 16.15-те камерадағы видеодан сол жерге 20 шақты адамның жиналып қалғанын көруге болады. Сол бір топ адамның ішіндегі үш адам күйеуімен және ол сөйлесіп тұрған екі адамға қарай жақындап, қоршап алады. Сонымен қатар, камерадан олар сөйлесіп жатқан кезде біреуінің күйеумнің мойнына қарай соққы жасағаны көрінеді. Ол болса тізесімен құлап түседі. Сараптамалардан да біз оның ұйқы күретамырының зақымданып, есінен танып қалғанын көрдік. Күйеуім Жолдасбеков көшесінің бойына қарай құлап кетеді. Бұл оқиға жолдың шетінде болған. Сол жерде олар күйеуімді әрі қарай тепкілейді. Біреуі тіпті оның басына шығып секіреді. Күйеуім содан ашық бассүйек ми жарақатын алған. Тағы біреуі болса оны жолдан әрі қарай оны көлік қағып кетсін деп тағы тепкілейді. Жедел жәрдемді кімнің шақырғаны белгісіз. Жедел жәрдем келген соң барлығы тарап кеткен", - деді Нұрымова.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаны растады. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алайда қазіргі уақытта қайтыс болған ер адамның отбасы осы төбелеске қатысы бар екі адамды тапқандарын айтып отыр. Сондай-ақ, олар ақ және қара күрткеде болған қыз бен жігітті іздестіріп жатыр.

"Видеодан сөмкесін ақтарып жатқан ақ күрткедегі қыздың тұрғаны көрінеді. Соған қарағанда ол сөмкесінен телефонын іздеп жатты. Видеожазбаны сауда орталғындағылар көрсетті. Жігіттердің бұған дайындалғаны көрініп тұр. Барлығының жазаланғанын қалаймын. Ертең ұлыма әкесінің өліміне кінәлі адамдардың барлығы жазаланды деп айтқым келеді. (...) Жастардың неліктен соншалық қатыгез екенін түсінбеймін, олардың барлығы студент қой. Барлығы да Алматының жақсы ЖОО-ларында оқиды", - деді қаза болған ер адамның әйелі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети