Алматы орталығында қойма өртенді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында қойма өртенді

Алматыда қойма өртенді. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қойма өртенді. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 4 тамызға қараған түні Мұқанова көшесі бойындағы қоймаларда өрт шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 4 тамызда сағат 21.42-де Алмалы ауданы, Мұқанов пен Гоголь көшелері қиылысында қою түтін шығып жатқаны туралы хабар түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған.

"Алғашқы бөлімшелер келген соң 21.45-те азық-түлік қоймасында өрт шыққаны анықталды. Өрт 23.05-те оқшауланып, 23.24-те жойылды. ТЖД қызметкерлері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа жалынның таралуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети