21 сәуірде Алматы орталығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
21 сәуірде Алматы орталығында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алдын ала нұсқа бойынша, Lexus GS 300 автокөлігі қатты жылдамдықпен Бөгенбай батыр көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Достық даңғылынан өткен бетте, Nissan Cefiro автомобилін соққан. Басқаруды игере алмаған Lexus жүргізушісі жол жиегіне шығып кеткен. Автомобиль соққының әсерінен екінші қабаттағы деңгейдегі ғимаратты қиратты. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарап, соққының қатты болғаны соншалықты Lexus көлігінің рөлі ұшып кеткенін, ал автомобильдің қайта қалпына келмейтіндей бүлінгенін көруге болады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.