Алматыда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қарсы жолақта келе жатқан көліктің камерасына түсіп қалған.
Алматыда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға қарсы жолақта келе жатқан көліктің камерасына түсіп қалған.
Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев көшесінде, Достық қиылысына жақын жерде болғаны хабарланды. Кадрлардан көліктердің соқтығысынан кейін ақ кроссовер жолдан өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерді қаққаны көрінеді.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында болған.
"ЖПҚ кезекші бөлімі мәліметінше, BMW маркалы көлік жүргізушісі Уәлиханов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылыста 2.4 "жол бер" жол белгісіне қарамастан қиылысқа шығып, Сәтбаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікпен соқтығысқан. Инерциямен Lexus қозғалысын жалғастырып, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстік бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Салдарынан үш жаяу жүргінші мен Lexus жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлады полиция.
"Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", - деп толықтырды полиция департаменті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!