06 желтоқсан 2017 17:15

Алматы орталығында өлтірілген бизнесменнің жесірі прокуратураға арыз жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отбасы мұрағатынан алынған сурет Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Алматы орталығында өлтірілген Бек Турекеевтің әйелі Ләззат Нұрымова Алматы прокуратурасына өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы орталығында өлтірілген Бек Турекеевтің әйелі Ләззат Нұрымова Алматы прокуратурасына өтініш жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ләззат Нұрымова қылмыстық істі ауыр бапқа ауыстыруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, ол осы төбелеске қатысқан басқа да адамдардың жауапкершілікке тартылуын сұрайды.

Осыған дейін Алматы қалалық ІІД екі жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлаған болатын.

"Қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3,7,9 бөлітеріне ауыстыруын сұраймын. Яғни, "кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан" қылмысқа өзгертуін сұраймын. Сондай-ақ, осы төбелеске қатысты басқа да адамдардың (екі жігіт пен бір қыз) жауапкершілікке тартылуын талап етемін", - делінген Нұрымованың прокуратураға жазған хатында.

Сонымен қатар, әйел осы жағдайдың куәгері болып, жарияланымдардан кейін хабарласқан барлық адамдарға алғыс айтады.

"Бұл маған үлкен қолдау көрсетеді. Көп рақмет. Алматыда осындай бей-жай қарамайтын адамдардың көп екенін білмеппін. Бұл ісімнің дұрыс екеніне сенімділік береді. Маған кінәсі жоқ адамдардың жазаланғаны керек емес. Ал күйеуімді өлтіргендердің лайықты жаза алғанын қалаймын", - деді Ләззат Нұрымова.

20 қарашада "Достық Плаза" сауда орталығының маңында бір топ жігіттің ер адамы ұрып-соғып жатқанын көргендерден мына нөмір бойынша 8 701 916 99 98 хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы орталығында караоке-бардың иесін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын. "Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Л. және Н. есімді екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды және жасаған қылмыстарын мойындап жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети