Бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Бүгін түнде Алматыда Алмалы ауданы, Жароков көшесінде орналасқан "Динара" кафесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
Өрт жайлы хабар "101" пультіне сағат 04.16-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан соң сағат 04.23-те келген.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде кафе өртке оранып жатты. Бір қабатты кафе мен Toyota RAV4 пен Nissan Primera көліктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Бұдан бөлек төрт көлік бүлінген: Nissan Tino, Toyota Avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru Legacy. Tesla көліктеріне арналған жанармай станциясы мен "Алматы Байк" компаниясының он велосипеді бүлінген. Өрт бес қабатты әкімшілік ғимараттың ауласына да жеткен", - делінген хабарламада.
"Өрт сағат 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де сөндірілді. Өрттің аумағы - 280 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram