Алматы орталығында түнгі уақытта болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы тұрғыны Гүлжан Қалиеваның сөзінше, төбелес Байтұрсынов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында түнгі 3-те болды.

"Басында көліктер соқтығысқандай дыбыс естілді. Сосын әйел адамның айғайы естілді. Бұл жарты сағатқа созылды. Сосын ер адамдар бір-бірімен төбелесе бастады. Ол жерде жиыны 15 адамдай, оның ішінде ерлер, әйелдер, тіпті балалар да бар. Қатты айғайлады", - дейді куәгер.
Оның айтуынша, біраз уақыттан кейін оқиға орнына полиция көліктері мен жедел жәрдем келіп жеткен. Әзірше зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.