15 ақпан 2017 11:58

Алматы орталығындағы атыс жұртты дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығындағы атыс жұртты дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер Көк базар мен "Райымбек батыр" метро станциясының маңында атысты естіген.


Алматы орталығындағы атыс жұртты дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер Көк базар мен "Райымбек батыр" метро станциясының маңында атысты естіген.

Алматы қалалық ІІД өкілдері қала орталығында атыс болды деген хабар түспегенін айтады. "Бізге ешкім хабарласқан жоқ", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Куәгерлер 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақтан атыс естіген. Ол жақта түске дейінгі уақытта кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына орай митинг өткен. Бұл шараның бағдарламасына гүл қою рәсімі, жекпе-жек түрлерін тамашалау, әскерилердің салтанатты шеруі және мерекелік концерт кірген.

"Саябақта десантшылар өнер көрсетті. Олар бос патронмен оқ атты", - деді "Боевое братство" қазақстандық ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети