Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі eap_kz парақшасында "Ережесіз жекпе-жек" деген атаумен жарияланды. Роликтің астында жазылған пікірлерде оқиғаның Алматы-Қаскелең бағытындағы таксиде болғаны айтылған.
Видеодан жанжал кезінде әйелдердің бірі екіншісін төбелеп тастағанын көруге болады. Оқиға басқа жолаушылардың көз алдында болды, олардың ішінде кішкенай сәби де бар. Соңында жүргізуші әйелдерден көліктен түсуді талап етті.
Алматы ІІД құқық қорғау органдары қызметкерлерінің видеоны тексеретінін, дегенмен оқиғаның нақты Алматы облысында болғаны әзірше белгізіз екенін хабарлады.