Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы полициясы "елес" көліктерді іздеуге кірісті

02 Сәуір 2014, 20:40
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Алматы полициясы қалада пайда болған "елес" автокөліктерді іздеуді бастады. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз хатшысы Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаладағы компания жетекшілерінің біріне келген хатқа байланысты қойылған журналистің ресми сұрағына жауап берді. Ертеректе хабарлағанымыздай, ескі үлгідегі А376HK нөмірі бар ақ түсті Daewoo Nexia Мұстафин көшесінде келе жатып, гольф клубы маңында жылдамдықты асырып жүрген. Салынған айыппұл көлемі - 18 520 теңге. Бірақ хатқа қосымша ретінде берілген фотосуретте А376HK нөмірі бар Daewoo Nexia емес, қара түсті Lexus бейнеленген. Екі көліктің де нөмірлері сәйкес келеді. Компания 2014 жылдың ақпан айында Daewoo Nexia көлігін сатып, оны полицияның есебінен шығарғаны анықталды.

Кейінірек компанияға ІІД-нен А376HK нөмірлі Daewoo Nexia көлігі жылдымдығын арттырғандығы туралы бірнеше хат келген. Бірақ, келген құжаттардың біріндегі суретте қара түсті Lexus болса, басқа құжаттарда қара түсті Mercedes көлігі бейнеленген. 

Бұл мәселеге байланысты қалалық ішкі істер департаменті Mercedes автокөлігі ескі үлгідегі А376HK нөмірін жалған қолданып жүргендігін айтты. "Тексерулер қорытындысы бойынша суретте нөмірді заңсыз пайдаланып жүрген Mercedes көлігі бейнеленгені анықталды. Көлік құралдарының базасындағы мәліметтерге қарағанда, бұл нөмірмен басқа көлік тіркелген және ол 2014 жылдың ақпан айында полиция есебінен шығарылған. Қолданыстағы рәсімге сәйкес, бұл мемлекеттік нөмірлер алдағы уақытта жойылуға жіберілді. Қазіргі таңда қала полициялары Mercedes көлігін іздестіруге жұмылдырылды", - делінген журналистердің жолдаған сауалдарына берілген жауапта.

Ал, ІІД-нің хатындағы жалған нөмірмен жүріп, жылдамдықты асырған қара түсті Lexus автокөлігі туралы полицияды ештеме айтылмады. Сонымен қатар айыппұлдың неге автөліктің ескі қожайынына келгені және жойылуға тиісті нөмір басқа көлікте қалай жүргендігі түсніксіз болып қалды.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай