03 сәуір 2019 | 14:31

Алматы полициясы қалта ұрыларының суреттерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлаж. Сурет Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен Tengrinews.kz фотоколлаж. Сурет Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен

Алматы қалалық полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлады деген жеті күдіктінің суретін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлады деген жеті күдіктінің суретін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтар әр уақытта ұсталған. Олардың жасы 24-тен 55-ке дейін. Оларды - қалта ұрлығы байланыстырады. 

"Ұсталғандардың көпшілігі бұрын да осындай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жасырын ұрлау арқылы бағалы заттарды иемдену бас бостандығынан айыру қорқынышынан басым болады. Клептомания деген ауру бар, бірақ заң жүзінде бірде-бір елде мұндай "науқастарға" олардың "симптомдары"түспейді. Кейбір азаматтарға бұл тұлғалар таныс болуы мүмкін, себебі алғаш рет жарияланып отырған жоқ. Қала тұрғындары қоғамдық орындарда "жұмыс істейтін" ұрыларды біліп жүргені тиіс. Бұл жеке мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға көмектеседі", - деді Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Сұлтанәлі Баелов, 1990 жылғы

Амантай Иманалиев, 1974 жылғы

Элдар Айтқазы, 1993 жылғы

Руслан Қасымбеков, 1995 жылғы

Онғарбай Нұржанов, 1959 жылғы

Қайыржан Түлепбергенов, 2002 жылғы

Жұмабек Қожамқұлов, 1971 жылғы

Күдіктінің әрқайсысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети