Алматы полициясы мектеп алдында оқушыны қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы мектеп алдында оқушыны қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр Иллюстрациялық сурет

Алматы полициясы 8 жастағы қызды қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы 8 жастағы қызды қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың 22 ақпанында кешкі 19:03-те Тәуелсіздік көшесіндегі №185 орта мектептің алдында анықталмаған маркалы көлік (Mazda 626 болуы мүмкін) сегіз жастағы оқушы қызды қағып кетті. Қыз бала алған жарақаттардан көз жұмды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткені хабарланып отыр.

"Қыздың қасында анасы болған. Әйел адам көлік маркасы мен нөмірін жаттап үлгермеген. Оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды. Бөлімше қызметкерлері жедел-іздеу шараларын жүргізіп жатыр. ЖКО-ға куә болғандар табылып жатса, олардың куәлігі маңызды екенін айтқым келеді", - дейді Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ерік Насырбеков.

Бұл оқиғаға куә болғандарды мына телефондар арқылы ақпарат беруін сұрайды:  8-707-222-88-87 және 8-707-599-09-11.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети