Алматы полициясы Момышұлы көпірін зақымдаған трал жүргізушісін тапты: оған не болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы полициясы көпірге шығар кезде жол инфрақұрылымын зақымдаған габаритті тралдың жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы көпірге шығар кезде жол инфрақұрылымын зақымдаған габаритті тралдың жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Момышұлы-Райымбек көпірінде түсірілген оқиғаның видеосы пайда болған еді. Ұзын көлік көпірге солтүстік бағытта өтпек болады, бірақ оның өлшемдері бұрылысқа тым ұзын болған. Нәтижесінде трал бұрылысқа сыймай жолдағы шамды бұзып, жол жиегін зақымдаған.

"Ірі тралдың жүргізушісі Момышұлы көшесінен шығып бара жатып, тіркеменің ұзартылған өлшеміне байланысты бұрылыс радиусына сыймай, жарықтандыру бағанасы мен жол жиегін зақымдап кеткен", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер трал жүргізушісі 39 жастағы ер адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "КО жүргізушілерінің өзге мүлікке зақым келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы", сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі "ЖКО орнын кетіп қалу" бойынша хаттама жазылды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.28  course down  579.41  course down  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети