05 қазан 2021 | 15:12

Алматы полициясы сот орындаушылардың айыптауына жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадрлар Видеодан кадрлар

Полиция Алматыда сот орындаушысына шабуыл жасалған кезде қызметкерлердің ешқандай шара қолданбады деген Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция Алматыда сот орындаушысына шабуыл жасалған кезде қызметкерлердің ешқандай шара қолданбады деген Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев нысанды бұзу кезінде полицияға алты мәрте қоңырау келіп түскенін айтты.

"Сот орындаушысы полиция қызметкерлерінсіз сот шешімі бойынша заңсыз нысанды бұзуға алты жұмысшы алып барған. Жанжал туындап, "102"-ге қоңырау шалынды. "Боран" экипажы дереу оқиға орнына барды. 2-3 минут аралығында тағы көп қоңырау келіп түскен. Біздің қызметкерлер қақтығыс басталған 6-7 минуттан кейін келді, өйткені бұл үй таулы аймақта орналасқан, көлікпен жету қиын", - деп түсіндірді Думан Аухадиев.

Оның айтуынша, полиция сот орындаушысы соққы алып жатқан сәтте келген.

"Полиция келгенде бір ер адам екіншісін ұрып жатқан. Зардап шеккен адам - жеке сот орындаушысы. Полиция қызметкері дереу шабуыл жасаған азаматты ұстап, үйге алып кеткен. Екіншісі көпшілік тұрған жаққа кеткен. Полиция қызметкері төбелес шығармауды ескерткен.

Осылай оқиға тез арада тоқтатылған. Басқа ұрыс-керіс, жанжал болмаған. Өз түсініктемесінде шабуылдаушы полиция қызметкерлерінің қалай келгенін байқамағанын айтады. Видеодан мұны байқауға болады: артында полицей тұр. Қызметкерлер қашып кеткені видеода көрінбеген. Олардың бірі жилет киген, ал екіншісі рация арқылы басқа әріптестеріне жағдайды бірден хабарлаған. Өйткені оқиға орнына жергілікті полиция инспекторлары да келді", - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы.

Аухадиев атап өткендей, сот орындаушы полиция қызметкерлерін өз қалауы бойынша ғана ертіп жүреді. Сондықтан сот шешімін орындау үшін мұндай шараларға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуы қарастырылмаған.

"Учаскелік инспектор дене жарақаты туралы қоңырау түскеннен кейін оқиға орнына келді. Зардап шеккен сот орындаушысын жедел жәрдем дәрігерлері қарады, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Жанжал болған жерде ол полицияға арыз жазды, - деді ол.

Сондай-ақ, Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы жанжал болған жерде боксшы Жанқош Тұраровтың бар-жоғын айтты.

"Жанжал кезінде қатысушылар өздерінің артықшылықтары туралы мақтанып айтқан: "Мен сонда жұмыс жасаймын, мен бәрін білемін". Барлығы заң білетін адам болып, эмоцияларын көрсеткен. Бәрі бір-бірін қорқытқан. Мен сол жерде болдым, сондықтан мұны растай аламын. Белгілі боксшы Жанқош Тұраров оқиға орнына шақырылды, бірақ ол жанжалға қатыспады", - деп қорытындылады Думан Аухадиев.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының екі рет қабырға тұсынан ұрған. Сот орындаушылар палатасында оқиға полицейлердің көзінше болғаны айтылды. Олардың айтуынша, "оқиға кезінде полицейлер қашып кетіп, қайта келмеген".

Сондай-ақ, ұйым белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров жанжалға қатысты деп мәлімдеме жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети