Алматы іргесінде оқушы 3 жасар қызды әжетхана шұңқырынан алып шықты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесінде оқушы 3 жасар қызды әжетхана шұңқырынан алып шықты Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде мектеп оқушысы үш жасар қызды дәретхана шұңқырынан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде мектеп оқушысы үш жасар қызды дәретхана шұңқырынан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2022 жылғы 14 шілдеде Қарасай ауданы Іргелі ауылында болған. Бұл туралы келесі күні таңертең Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланған.

"2011 жылғы бала сағат 9:40 шамасында қазылған шұңқырдан (дәретхана) 2019 жылғы көрші қызды алып шықты. Анасынан үш жасар қыз дәретханаға құлап кеткенін білген соң, әкесі мен баласы көмекке асыққаны белгілі болды.

Алдымен ер адам дәретхананың тесігіне өзі түсуді ұйғарған, өкінішке қарай, тесік тым кішкентай болған. Сонда 10 жастағы Әлихан қазылған шұңқырға түсуге өзі сұранған, ол дәретхананың кішкентай тесігіне өзі ғана сиятынын түсінген. Ұлын арқанмен байлап, дәретханаға тесігінен түсіріп, алдымен қызды, содан кейін ұлын тез шығарды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері балалардың улы газдан тұншығып қалуы мүмкін болғанын айтты.

 "Бірақ баланың батыл және тез әрекетінің арқасында екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болмады. Батыр бала қыздың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық марапатқа ұсынылады", - делінген хабарламада.

Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтанда жасөспірім жетінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалған видео пайда болған еді. Білім министрі Асхат Аймағамбетов жасөспірімге алғыс айтып, жоғары оқу орындарының бірінде оқуға грант табыс етті. Сонымен қатар, жасөспірімнің отбасына астаналық құрылыс компанияларының бірінен пәтер сыйға тартылғаны белгілі болды.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети