Алматы іргесіндегі сауда орталығында кішкентай қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Алматының іргесіндегі сауда ойын-сауық орталығында қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының іргесіндегі сауда ойын-сауық орталығында қызды тепкен түрік азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кәмелетке толмаған баланы тепкен ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі түрік азаматының кішкентай қазақ қызын теуіп жіберуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Оқиға 23 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында болған. Бұзақының әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйел мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде кішкентай қыз арбаға жақындайды. Осы кезде ер адам баланы қатты теуіп, арбадағы сәбиді көтеріп алған.

Полицияға 1996 жылы туған азаматша К. 2019 жылы туған кішкентай қызына дене жарақатын салған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірген. Бұл дерек бойынша "бұзақылық" дерегімен Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 1998 жылы туған Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жауап алу кезінде болған оқиғаны айтып, өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Артынша бұл дерекке қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ойын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro