Алматы-Ташкент тасжолында жолаушылар автобусына оқ атқан Түркістан облысының тұрғындары Шымкентте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы-Ташкент тасжолында жолаушылар автобусына оқ атқан Түркістан облысының тұрғындары Шымкентте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдіктілер бұзақылық жасау ниетпен травмат тапаншасынан жолаушылар автобусына оқ жаудырған.
"Биыл 5 қарашада Шымкент қалалық ЖП қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарын ұстады, олар бұзақылық жасау ниетімен травмат тапаншасынан Yoeng K 6108 hdh маркалы жолаушылар автобусына оқ атты, автобус Алматы-Ташкент тасжолында жүріп бара жатқан. Заттай айғақтар алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.