Алматы тауларында қар көшкіні: құтқарушылар екі адамды іздеп жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында қар көшкіні: құтқарушылар екі адамды іздеп жатыр Көрнекі сурет: elements.envato.com

Алматыда Молодежный шыңы аумағында қар көшкіні болды. Құтқарушыларға екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Молодежный шыңы аумағында қар көшкіні болды. Құтқарушыларға екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, 13 сәуірде сағат 13:28-де 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісінен Тұйықсу ауданы "Молодежный" шыңында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Көшкін астында екі адам қалып қойған.

Оқиға орнында іздестіру жұмыстарын "Тұйықсу" бақылау бекеті құтқарушылары, ТЖД құтқарушылары (алты қызметкер және екі техника), республикалық жедел-құтқару жасағы (жеті адам және бір техника), сондай-ақ "Қазселденқорғау" және құтқару қызметінің қызметкерлері (бес адам және екі техника) жүргізеді.

Бұған дейін ТЖД "Қазгидромет" РМК жасаған ауа райы туралы ескертуі бойынша 2022 жылғы 9-13 сәуірде қала тұрғындары мен қонақтарына sms, "Дәрмен" мобильді қосымша және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала хабар берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети