Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізге 09:56-да хабар түсті. Оқиға орнында ТЖ қызметкерлері, Қаскелең қаласының № 1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі адам қаза тапты", - деді Алматы облыстық ТЖД өкілдері.
Еске салайық, Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапты.
Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған.
Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.