Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 11.25-те болды. Жер сілкінісі туралы ақпаратты ТЖД растады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметтері бойынша, тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 31 шақырымда анықталды. Магнитудасы - 4,7, жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болды. Алматыда оның күші 2-3 балл түрінде сезілді.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәлімдеуінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 3,9, ал тереңдігі - бір шақырым.
Еске сала кетейік, 26 қараша күні түнде Алматыға жақын маңда жер сілкінген еді. Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 8,6. Магнитудасы - 4,2. Жерасты дүмпуінің ошағы - 10 шақырым. Оңтүстік астанада екі балдық жер сілкінісі сезілді. Эпицентрінің Алматыдан 12 шақырым жерде болғаны хабарланды.