Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы тұрғыны Көкжайлау шатқалы маңында үсіп қалды

29 Қаңтар 2015, 16:06
0
Көкжайлау. ©Alatoday.info
Көкжайлау. ©Alatoday.info

Алматы тұрғыны Көкжайлау тауларының маңында үсіп өлді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. 1987 жылғы ер адам 25 қаңтар күні түстен кейін уақытта шатқалына қарай кеткен.

Данил Висков сол күні кеште қайтып келуді жоспарлаған, бірақ ол үйіне оралмады. Оның жоғалуы туралы хабарламаны таныстары барлық әлеуметтік желі арқылы таратты. Жігітті іздеуге Көкжайлауға құтқарушылар, достары мен туыстары барды. 20 адамнан құрылған Іздеу бригадасы денені іздеудің үшінші күні бір-ақ тапты. Оның денесін таудың етегіне түсіргенде туыстары оны таныды. Ол бірінші күні үсіп қалған болуы керек.

Адам іздерін зерттеген құтқарушылардың пікірінше, ер адам төменге қарай, бұлаққа түскен, ал одан кейін жалғыз аяқ жолға оралғысы келмей, бұлақтың арнасымен жүрмек болады. Бұл уақытта күн батып, дауылдан құлаған ағашқа сүрінген. Болжам бойынша, Висков ағашқа қысылып қалған аяғын шығара алмай, сол орында қалып, суықтан қайтыс болған. Айта кетейік, оның ұялы телефоны қосулы болса да, тау ішінде желі ұстамай тұрған.

Қайтыс болған ер адамның достары оның тауға барып тұратынын, Көкжайлаудың жолдарын жақсы білетінін және салауатты өмір салтын ұстанатынын айтып берді. Нақтылап айтсақ, ол көп уақыт бойы велоспортпен айналысып келген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай