17 сәуір 2016 18:01

Алматы тұрғыны сегіз жастағы қызын біреулердің ұрламақшы болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© goodhouse.ru © goodhouse.ru

Алматы тұрғыны Назгүл Қожабек қара түсті көлікте отырған белгісіз адамдардың оның қызын ұрлап әкетпекші болғандарын айтты. Бұл жөнінде әйел Facebook желісіндегі парақшасына жазды. Сонымен қатар, ол бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісімен сөйлескен кезде растады. Назгүл Қожабектің айтуынша, оқиға кеше, Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында болған.


Алматы тұрғыны Назгүл Қожабек қара түсті көлікте отырған белгісіз адамдардың оның қызын ұрлап әкетпекші болғандарын айтты. Бұл жөнінде әйел Facebook желісіндегі парақшасына жазды. Сонымен қатар, ол бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісімен сөйлескен кезде растады. Назгүл Қожабектің айтуынша, оқиға кеше, Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында болған.

"Менің сегіз жастағы қызымның қасына қара түсті мерседес маркалы көлік келіп тоқтады, қызым үйге қайтып келе жатқан (үйге жақын жерде), көліктің номері 02 535 (сериясын есіне сақтап үлгермепті, ал номерді жаттап алған себебі балалардың арасында мынадай ойын бар, бірінші және үшінші саны бірдей номерді көріп қалсаң жаныңдағы досыңды ұстап қалуың керек). Көліктен ұлты азиялық, жасы шамамен қырықтағы әйел түсіп, қызыма былай деді, "сенің анаң жаңа ғана кетіп қалды, екі күнге, міне қара, ол вокзалға кетіп барады (бір жаққа қарай нұсқады), сені қарай жүр деп маған тапсырды. Көлікке отыр, кеттік". Ал мен бұл кезде үйде болатынмын және балам оны біледі. Ол баланың сенбей тұрғанын байқап, алдап, оны құшақтауға тырысып, "келші сені сүйейін, құшақтайын" деді", - дейді Назгүл Қожабек. Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, қызы өзін ұрламақшы болғандарды суреттеп берген. "Әйел мас болған, үстінде тізеге дейін түсетін қара түсті күрте мен аяғында қызғылт түсті етік болыпты. Көлікте үш ер адам отырған, олардың бірінің оң көзі таңғышпен оралған және үлкен сұр ит отырыпты. Әйелдің қолында шүберектен жасалған дорба болған және оның ішінде үшкір заттардың бар екені көрініп тұрыпты. Әйел баланы көндіруге тырысып, алдап тұрғанда қызым осының бәрін байқап, есіне сақтаған. Ал әйел оның иығынан мықтап ұстай бастағанда, қыз сытылып шығып, қаша жөнелген. Әйел оны қуып, жете бергенде тасқа шалынып, құлап қалыпты", - деді әйел. Оның сөзіне қарағанда, әйел полицияға арызданып үлгерді.

Алматы қалалық ІІД мамандары әйелдің Алмалы АІІБ-ге арызданғанын растады. Қазір полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети