08 мамыр 2016 13:43

Алматы зообағындағы Құралай есімді жолбарыс өліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құралай. © 365info.kz Құралай. © 365info.kz

Алматы хайуанаттар бағындағы Құралай есімді жолбарыс өліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зообақ қызметкері Ағыбай Әжібаевке сілтеме жасап.


Алматы хайуанаттар бағындағы Құралай есімді жолбарыс өліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зообақ қызметкері Ағыбай Әжібаевке сілтеме жасап.

"Ол үшін алаңдап, қолдау көрсеткендерге алғыс айтқым келеді. Бүгін түнде жануар өлді. Соңғы екі күнде оның мүлде тәбеті болған жоқ. Дегенмен ем қабылдауды жалғастырған еді", - деді Әжібаев.

Айта кетейік, хайуанаттар бағындағы Құралай есімді жолбарыстың әлсіреп жатқаны түсірілген видео Интернетке жүктелген болатын. Оған өкпеге суық тию диагнозы қойылған. Хайуанаттар бағы жанындағы қоғамдық бақылау кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Райымбек Баталовтың айтуынша, жануарлардың өліміне хайуанаттар бағы қызметкерлерінің біліксіздігі себеп. Ол зообақтың жануарлар коллекциясының ескі екенін және басқа да жануарлармен байланысты проблемалардың барын айтты. Меценат зообақ қалаға қажет, бірақ мұндай күйінде керек емес деп есептейтінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети